Қазақстандық студенттер «Болашақпен» 25 елде оқи алады

Ашық дерек көзінен
Ашық дерек көзінен
Бағдарламадағы шетелдік ЖОО саны артты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық шәкіртақысын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын қазақстандықтар үшін шетелдік жоғары оқу орындарының қараты кеңейеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Құжатта жазылғандай, биыл QS World University Rankings, Times Higher Education World University Rankings сияқты халықаралық академиялық рейтингтер жаңарды.

Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасымен білім алуға болатын шетелдік оқу орындарының қатары көбейді.

- ЖОО тізімінің қолданыстағы редакциясында 236 ЖОО бар. Осы толықтыруды ескере отырып, олардың саны 28 елден 261 оқу орнына дейін ұлғаяды, - делінген құжатта.

Бұйрық алғаш жарияланған күннен, яғни 12 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда экспорттық-кредиттік агенттік құрылады


Новости партнеров