Басқосуда білім саласын дамыту мәселесі талқыланды
Алматыда ғалым Тоқмұхамед Садықовтың 85 жылдығына орай халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиынға шетелдік профессорлар қатысты. Басқосуда есімі тарихта қалған Тоқмұхамед Сәлменұлының еңбектерін жинақтау және білім саласын дамыту мәселесі талқыланды.
Айта кетсек, Тоқмұхамед Садықов – ғұмырын ағартушылыққа арнап, талай ұстаз даярлаған, Абай университетінің деңгейін көтерген ғалым.
– Тоқмұхамед Садықовтың тұсында университет 3 сатылы оқу жүйесіне көшті. Олар – бакалавр, магистр, Phd доктор. Ол кісі бұл жүйенің болашағы бар екенін 30-40 жыл бұрын білген, – деді Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Хангелді Әбжанов.
Оқи отырыңыз: Биыл Ұстаздар күнін 5 қазанғда атап өтеді