Мемлекеттік басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілді

29.05.2024 21:02

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 30 жылдығын атап өтті

Аlmaty.tv

Осы уақытқа дейін 30 мыңнан аса маман даярлап шығарған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 30 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Мерейтойдың бастамасы ретінде оқу ордасының түлектері мен тәлімгерлеріне арнайы дәріс өткізілді. Жиында мемлекеттік басқару жүйесіндегі технологиялар мен оны дамыту жолдары сөз болды.

- Ең бірінші мақсаты академияның 30 жылдық аясында біздің алматылық мемлекеттік қызметшілеріміз осындай алды тәжірибесі мықты, көрнекті мемлекет қайраткерлердің ізін қуып, солардың дәрісін есту мақсатында осындай шара ұйымдастырылып отыр, - дейді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының директоры Айгерім Әбілова.

Оқи отырыңыз: Игі бастама: электронды үкіметті жетілдіру қарастырылды