Игі бастама: электронды үкіметті жетілдіру қарастырылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Алматыда «Цифрлы мемлекеттік басқару мен цифрлы трансформация» атты конференция өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық Азия, Кавказ, Азия-Тынық мұхиты аймағының 12 елінің электронды үкіметін дамытуға арналған жоба іске қосылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматыда өткен «Цифрлы мемлекеттік басқару мен цифрлы трансформация» атты конференцияда өзге елдерден келген 50-ден астам сарапшы мен мемлекеттік орган өкілдері бас қосты. Корея Республикасы үкіметі қаржыландыратын жоба мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін нығайтуға бағытталып отыр. Бастама 3 жылға есептелген.

-Бастамада Корея, Сингапур, Эстония сыңды мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, электронды үкіметті дамытудағы жалпы жобалар қарастырылды. Үкімет өкілдері тұжырымдамаларын жетілдіреді. Екінші жағынан нақты мысалдардың іске асырылуымен таныса алады, - деді Астана Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов.

Астана мемлекеттік қызмет хабы, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы және тағы да басқалар өткізетін конференцияда ынтымақтастықтың басым бағыттары анықталады. Сондай-ақ, осыған дейін тиімділігін дәлелдеген жобаның тәжірибесі мен артықшылықтары ұсынылмақ.

- Бұл – тәжірбие алмасу үшін таптырмас алаң. Цифровизацияға нық қадамдар жасау – қазір көптеген ел үшін маңызды болып отыр. Бұған дейін де бірлескен жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп шықты. Соның ішінде Армения идентификация, аутентификацияға мән беріп, жаңа деңгейге шығуда,- деді Армения республикасының жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі цифрландыру департаменті басшысының орынбасары Станислав Хакобян.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Ерболат Досаев Еуропалық комиссар Януш Войцеховскиймен кездесті

Новости партнеров