Елдегі қатты аязға байланысты 12 өңірде мектептер жабылды

10.01.2023 21:03

Оқушылар сабақты онлайн жалғастырады

Almaty.tv

Елдегі қатты аязға байланысты 12 өңірде мектептер жабылып, оқушылар сабақты онлайн жалғастырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстарында бірінші ауысымда оқитын балалар мектепке бармайды. Ақтөбе облысында бүгін-ертең барлық сынып оқушылары онлайн оқиды. Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенті үшін сабақ қашықтан өткізіледі. Астанада да бірінші ауысымдағы барлық сынып оқушысы мен колледждердің 1-курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілген.