Мақсаты – жас-жеткіншектерді тың жаңалықтармен таныстыру
Алматыдағы мектептердің бірінде тарих пәнінің ұстаздарына арналған семинар өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мақсаты – жас-жеткіншектерді тың жаңалықтармен таныстыру, табандылыққа үйрету. Жиылған қауым арнайы тест тапсыру арқылы ой өрісін кеңейте түсіп, біршама жобаның куәсі болды. Сондай-ақ Финляндия еліне тәжірибе жинақтауға барып келген жас маман білгенін бөлісті.
– Іс-шарада оқушыларға арналған «Перформанс» деген әдіс көрсеттім. Перформанс – оқушылардың назарын аудару үшін музыкалық аспапты, актерлік шеберлікті көрсету немесе өмірінен мысал келтіру, – деді №135 жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Иса Әнуар.
– Бүгін семинарда оқушыларды жігерлендіру ідістерін талдап жатырмыз. Мақсат – оқушылардың деген қызығушылығын ояту, – деді №135 жалпы білім беретін мектептің директоры Эра Сейсебаева.
Оқи отырыңыз: Алматыда шахматтан турнир өтті