|
02.05.2023 | 21:05
3286

Қаржылық сауаттылық: Алматыда республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Екі кезеңге созылған іс-шараға елдің 14 өңірінен 3224 оқушы қатысты

Қаржылық сауаттылық: Алматыда республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды Almaty.tv

Алматыда қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада өткізіліп, жеңімпаздарға жоғары оқу орнының гранты табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екі кезеңге созылған іс-шараға елдің 14 өңірінен 3224 оқушы қатысқан. Ал үздіктер анықталған ақтық сынға 73 бала іріктеліп, оның 10-ы түрлі дәрежедегі білім грантына ие болды.

«Байқауға дайындалу барысында біраз әдебиетті ақтардық. Қаржылық сауаттылық тақырыбында біле бермейтін ақпараттың өте көп екенін байқап отырмыз. Шынын айту керек, алғашында оңай сияқты көрінгенмен, үңіле келе, тақырып аясында оқитын дүниенің көп екенін білдік. Оқушым үздік атанып, жүлделі орынға ие болды. Бұл да еңбектің еш кетпегенінің көрінісі», – деді мұғалім Қаршыға Ысқақова.

«Алаяқтық артқан уақытта қаржылық тұрғыда сауатты жастар заңсыз істердің жолын кеседі». Осылай деген ұйымдастырушылар іс-шараның негізгі мақсаты – түлектердің экономикадағы тәуекелдер мен қатерлерге қарсы тұруын қамтамасыз ету. Қоса кетейік, қаржылық-құқықтық сауаттылыққа басымдық берген байқау елдің бірнеше өңірінде ұйымдастырылып отыр.

«Қаржылық қауіпсіздік тақырыбында өткен олимпиада тек Алматы қаласында емес, Астана мен Қарағанды қаласында да ұйымдастырылды. Қаржылық қауіпсіздік дегеніміз жастарға не береді? Біріншіден, үлкен өмірге қадам басар алдында қандай да бір алаяқтардан сақ болады. Жанындағыларға білгенін айттады», – деді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі Мырзахан Жақсылық.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир