|
28.08.2020 | 16:06
2116

Елордада үш мың кезекші сынып ашылады

Бастауыш сыныптарда оқитын 82 мыңнан астам оқушының тең жартысы кезекші сыныпта оқуға өтініш білдірген

Елордада үш мың кезекші сынып ашылады  basnews.kz

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова бірінші қыркүйектен бастап кезекші сыныптар қалай оқитынын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылында елордада 202 мыңнан астам оқушы білім алады деп болжануда. 26 мыңнан астам оқушы 1-сыныпқа барады. Қазіргі таңда 23 164 өтініш қабылданған.

«Алдағы оқу жылы, өздеріңіз білетіндей, қашықтан оқыту форматында басталады. Тек 1, 2, 3, 4-сыныптар үшін ата-аналардың өтінішімен бала саны 15-тен аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейді. Сабақтың ұзақтығы - 40 минут, әр сыныптың үзіліс уақыты әртүрлі», – деді Қадырова онлайн баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, бастауыш сыныптарда оқитын 82 мыңнан астам оқушының тең жартысы кезекші сыныпта оқуға өтініш білдірген. Бұл 3002 кезекші сынып, деп толықтырды басқарма басшысы.

Қадырова кезекші сыныптарға баратын оқушылар мен мұғалімдер маска киюге міндетті екенін атап өтті.

Оқу үстелдері арасында бір метр қашықтық сақталады. Оқушыларға жеке парта мен орындық бекітіледі. Әр сабақтан кейін кабинет желдетіліп, кварцтау жұмысы жүргізіледі.

Мектептердің кіреберісінде дезинфекциялық тоннельдер, кілемшелер төселіп, тепловизорлар орнатылады.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласында 117 мектеп жұмыс істейді. Бұған қоса биылғы оқу жылында 3 жаңа мектеп ашылады деп жоспарланған. Оның екеуі - жалпы орта мектеп болса, біреуі - мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир