Алматыда оқушылар офлайн оқуға оралады

14.12.2023 21:07

Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -6-8 аяз

Сурет: elements.envato.com

Алматыда оқушылар офлайн оқуға оралады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Алматы қаласының Білім басқармасы 2023 жылғы 15 желтоқсанда 0, 1-9 сынып оқушылары дәстүрлі оқытуға көшетінін хабарлайды.

«Қазгидромет» мәліметінше 15 желтоқсанда Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 0-5 м/с жетіп, ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -6-8 аяз болады.

Оқи отырыңыз: Cиноптиктер 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады