|
24.08.2021 | 23:08
4506

25 тамызда қала әкімі Б. Сағынтаевтың қатысуымен «Алматы білім беру форумы» өтеді

Тақырыбы: «Алматы білім беру форумы: білім сапасы, бала денсаулығы мен отбасының рөлі» жайында

Ертең, 25 тамыз күні сағат 11:30-да «Алматы» арнасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев және Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен «Алматы білім беру форумы: білім сапасы, бала денсаулығы мен отбасының рөлі» жайында қалалық форумы өтеді.

Сонымен қатар, пікірталаста халықаралық және қазақстандық спикерлер, білім саласына жаңалық енгізген қала мен еліміздің ұстаздары, білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары:  

1) білім беру саласындағы саясат;

2) мамандық таңдау;

3) оқушыларға психологиялық қолдау көрсету;

4) киберқауіпсіздік пен білім саласындағы басқа да сұрақтар талқылайды.

Өткізіп алмаңыздар! Білім берудің ең өзекті мәселелерін бірге талқылаймыз! «Алматы білім беру форумы» Алматы телеарнасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир