Алматыда қазақстандық философияның болашақ дамуы талқыланды. Әлеуметтік әділеттілік принциптерін орнықтыру мәселелері «Қазақстандық диалектикалық логика мектебі: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында көтерілді. Іс-шара философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабитұлының 85 жылдық мерейтойына арналған, деп хабарлайды Almaty.tv
Жиынға Қытай, Қырғызстан, Түркия және Германиядан келген философ-ғалымдар қатысты. Сондай-ақ қазіргі қоғамдағы әділеттік құбылысының өзектілігіне қатысты қорытынды ұсынылды. Ғалымдар мен сарапшылар әлемдік кеңістіктегі философияның дамуында алматылық диалектикалық логика мектебінің тарихи рөлі мен маңызына баса тоқталды.
– Өткен ғасырда әлемге атағы белгілі қазақстандық философтар құрметке ие болған еді. Конференцияның мақсаты – солардың еңбегін атап көрсету, ісін жалғастыратын жастарды ынталандыру, – деді философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат.
– Мұрат Сәбитұлы – ғылымның категориалдық аппаратын құруда, философиялық әдіс-тәсілдермен, методологиямен қамтамасыз еткен ғалымдардың бірі. «Қазіргі ғылымның қайшылық принципі», «Қазіргі ғылымның нақтылық принципі» деген кітаптарына Мұрат Сәбитұлының еңбектері енген деп айтуға болады, – деді профессор, философия ғылымдарының кандидаты Фарида Саттарова.