Қазақстанда қай мамандыққа сұраныс жоғары - министрлік статистикасы

26.06.2024 21:17

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарлануда

elements.envato.com

Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылында сұранысқа ие болатын мамандықтарды жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ведомствоның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған дерекке сенсек, Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттар қабылдау басталды. Жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп.

 - Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтары бойынша көбейтілді. Сонымен қатар биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдауда. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді, - деп хабарлады министрлік өкілдері. 

Сондай-ақ оқу-ағарту министрлігінде осы жылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, артатынын айтты: I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін; бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін; әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін. Ведомствода колледжге түсушілер өтінішті колледжде қағаз түрінде және egov.kz порталында электронды түрде екі жолмен бере алатынын еске салды. Колледжге түсу үшін 9-сынып түлектері 25 маусым мен 18 тамыз, 11-сынып түлектері 25 маусым мен 20 тамыз аралығында құжат тапсыра алады.

Оқи отырыңыз:Алматыда Оқушылар сарайындағы обсерватория жұмысын қайта бастады