|
11.05.2023 | 16:18
946

Биыл Еренғайып Мәлікұлының туғанына 90 жыл толды

Мерейтойға орай оның Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды

Биыл Еренғайып Мәлікұлының туғанына 90 жыл толды Almaty.tv

Билы Ұлттық ғылым академиясының академигі Еренғайып Мәлікұлының туғанына 90 жыл толды. Мерейтойға орай оның Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Химия ғылымдарының докторы – еліміздің ғана емес, әлемдік білім кеңістігіндегі өзекті мәселелерде белсенділік танытқан қайраткер. Өмірінің соңғы жылдарында Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қызмет етті. Бүгінгі салтанатты іс-шараға онымен бірге қызмет еткен әріптестері, шәкірттері келді. Еренғайып Шайфутдиновтың ерен еңбегі мен ғылым жолындағы бірқатар жетістігі сөз болды.

– Орыс мектебінде жалғыз қазақ баласы басқа ұлттың арасында «Алтын» медальмен тәмәмдаған. Қарағандыға жұмысқа келсе, онда да бәрі орыстың инженерлері екен. Ол намысқа тырысып оқуда да, жұмыста да алдыңғы қатарда болды. Қазақ  бар жерде Еренғайыптың аты өшпейді, жасай береді, – деді Е. Мәлікұлының жерлесі Хамит Біржанов.

Ғұмырын ғылыммен байланыстырған ол қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде басшылық қызмет атқарды. «Еренғайыптың тәрбиелеген кадрлары елімізден бөлек, өзге де мемлекетте табысты еңбек етіп жүр» деп еске алды әріптестері.

– Ол кісінің Қазақтың Ұлттық техникалық зерттеу университетіне сіңірген еңбегі зор. Себебі 1994 жылы оқу орны Ұлттық дәреже алды. Сондай-ақ еліміздің біртуар азаматы Қаныш Сәтбаевтың есімі оқу орнына Еренғайып Мәлікұлының еңбек еткен кезде берілді, – деді Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ проректоры Ержан Көлдеев.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир