Қазіргі таңда теңіздегі су көлемі 27 мың текше метрді құрайды
Жағдай мәз емес. Еліміздегі алдыңғы қатарлы университет студенттері Арал теңізіне қатысты осындай баға берді. Бүгін олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматыдағы штабында кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Болашақ мамандардың айтуынша, тартылған теңізді аман сақтап қалу үшін бірқатар шараларды қолға алу қажет. Олар осыған дейін жасалған жұмыстардың нәтижесіз екенін айтады. Қазіргі таңда теңіздегі су көлемі 27 мың текше метрді құрайды. Сондықтан, инновациялық әдістерді де қолданып көру керек, - деді жиналғандар.
«25 жыл ішінде жағдай нашарлады. Өкінішке орай, жағдай тек ушығып жатыр. Қалай айтсақ та, ұшар шыңның басында тұрмыз. Енді қанша тырыссақ та, көп нәрсені жоғалтып алдық. Менің ойымша, қазір біздер жас ұрпаққа айтсақ, жастар оны өз ата-аналарына жеткізе алады», – деді БҰҰ «Жаңа Жібек жолы» моделінің басшысы Елжан ШӘКЕНОВ.