Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS рейтингтік агенттігінің аймақтық директоры Сергей Христолюбов еліміздегі жоғару оқу орындарының рейтингі жайлы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болон процесінің бақылау тобы өкілдерінің қатысуымен өткен Орталық Азия жоо ректорларының конференциясында QS Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша аймақтық директоры Сергей Христолюбов сөз сөйлеп, жоғару оқу орындарының рейтингі жайлы айтты
«2022 жыл қазақстандық университеттердің түрлі рейтингтердегі жетістіктеріне толы, ерекше жыл болды. Әлемдегі ең үздік университеттердің негізгі рейтингінде қазір 16 қазақстандық ЖОО бар екенін білеміз. Бұл Қазақстандағы білім беру жүйесі тарихындағы абсолютті рекорд. Үздік университеттердің аймақтық рейтингіне 33 қазақстандық жоғары оқу орны кіреді. Бұл да Қазақстандағы жоғары білім тарихындағы ең жоғары рейтинг. Белгілі бір пәндер бойынша үздік университеттер рейтингіне 6 ЖОО енді. Үздік студенттік қалалар рейтингіне Қазақстанның екі қаласы енді, олар Алматы мен Астана. Яғни, студенттер оқығысы келетін және жақсы көретін 105 қаланың екеуі Қазақстанда орналасқан», - деді ол.