Алматыда кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыс көп пе

26.09.2022 21:22

Кездесу жаңа форматта ұйымдастырылды

Almaty.tv

Биыл Алматыда кәмелет жасына толмағандардың 163 қылмысы тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл былтырғымен салыстырғанда 10 пайызға артық. Осы орайда, Алатау ауданының прокуратурасы жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін іс-шара өткізді. Әлеуметтік мәселе көтерілген кездесу жаңа форматта ұйымдастырылды.

«Мектеп қабырғасындағы оқушылардың, жасөспірімдердің лекция оқып, семинар өткізу арқылы назарын аудару қиын. Сондықтан аудан прокуратурасымен қазіргі уақытта кинотеатр платформасында әлеуметтік бейнероликтер, тәрбиелік мәні зор кинолар көрсетіліп жатыр», – деді  Алатау ауданы прокуратурасының прокуроры Нұрсаятхан Жүнісәлі.