Алматыда оқушылар «Қасқыр ұлыған түнде» қойылымын тамашалады

Almaty.tv
Almaty.tv
№26 мектепте тілдер мерекесін атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы №26 мектепте «Менің тілім – ұлы дала рухы» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда оқушылар мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері қойылым қойып, рухты әрі айбынды әндер шырқады. Сондай-ақ Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының шәкірттері балалармен бірлесе Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» шығармасынан көрініс әзірледі.

– Биыл іс-шараны студенттермен бірлесе отырып, ұйымдастырдық. Жоспар жүзеге асты, – деді №26 мектептің мұғалімі Назира Абданбай.

– Тілді әрбір адамзат дәріптеуі, қастерлеуі парыз деп есептеймін. Тіл мерекесін атап өтудегі мақсат – оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, олардың тіл байлығын дамыту, – деді №26 мектептің директоры Ғалия Сейдахметова.

Оқи отырыңыз: Алматы күні: байқау жеңімпаздары туынды авторымен кездесті

Новости партнеров