«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру әкімдіктің ерекше бақылауында
Алматы қаласы мәслихатының кезекті XV сессиясы барысында мәслихат депутаттары мегаполистегі оқу орындарын салу мен пайдалануға беру барысын сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала құрылысы басқармасының басшысы Алмас Шабдарбаевтың жауабы:
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы бойынша білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтерге сәйкес заманауи технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған 36 800 орындық 22 мектеп салу жоспарланған. Биыл жыл соңына дейін 34 800 орындық 21 мектепті пайдалануға беру, 2025 жылы 2 000 орындық 1 мектепті іске қосу жоспарланған. 23 100 оқушыға арналған 13 мектептің құрылысына бірыңғай тапсырыс беруші - «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. Қазіргі уақытта әкімдік «Samruk-Kazyna Construction» АҚ балансына 13 жер учаскесін берді. Барлық учаскеде бөлшектеу жұмыстары аяқталып, қолданыстағы желілерді шығару жүзеге асырылды, сондай-ақ шұңқырды әзірлеу бойынша орындалған жұмыстар бойынша конструкцияның құрылысы жүргізілуде. Әрі қарай қалалық желілерге қосыла отырып, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымға ЖСҚ әзірлеу қолға алынған. Бұл 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүзеге асады.
Жеке инвесторлардан 11 700 орындық 8 мектеп алуға келсек. Инвесторлармен сатып алу туралы тиісті меморандумға қол қойылды. «Qazaq Stroy» ЖШС 5 нысанды тапсырады, оның ішінде 4-не ЖСҚ әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 1 мектептің құрылысы 95% бітті, аяқталуға жақын (жиһаз және жабдық әкелінді). Қалған 3 мектеп бойынша («Dostar Fresh Market» ЖШС, «Тime group» ЖШС және «Парасат» ЖШС) жобалық жұмыстар аяқталуда, ҚМЖ осы жылдың мамырдың соңында басталады деп жоспарланып отыр.
Алғабас шағынауданында 2000 орындық 1 мектепті салу МЖӘ бағдарламасы аясында жүзеге асыру жоспарланған. ҚМЖ 2024 жылдың қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру көзделген.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру әкімдіктің ерекше бақылауында.
Оқи отырыңыз: Алматы Мәслихаты 2024 жылға арналған нақтыланған жергілікті бюджет жобасын қолдады