Министрдің жалақы жайлы тәптіштеп сұраған сауалына мұғалім ыждаһатсыз жауап берді

30.08.2021 21:27

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Ақмола облысы Зеленый Бор ауылындағы мектеп мұғалімдерімен әңгімесінен үзінді жарияланды

стоп кадр

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Ақмола облысы Зеленый Бор ауылындағы мектеп мұғалімдерімен әңгімесінен үзінді жарияланды, деп хабарлайды Almaty.ty

Министрдің жалақы жайлы тәптіштеп сұраған сауалына биология пәні мұғалімі ыждаһатсыз жауап берді. Мұғалімнің 425 мың жалақы алатынын естіген министр "айтқысы келмей тұр" деп күлді.