|
01.08.2019 | 16:28
1983

Оқуға түсе алмағандарға тағы үш мың грант бөлінеді

Қосымша гранттар техникалық, педагогикалық және жаратылыстану мамандықтары бойынша беріледі

Оқуға түсе алмағандарға тағы үш мың грант бөлінеді

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қосымша гранттардың бөлінетінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Өкінішке қарай, конкурсқа қатысқандардың ішінде грантқа түспегендер де бар. Алдағы уақытта бекітілген тәптіппен үкіметтің тиісті қаулысына өзгеріс енгзіледі де, қосымша үш мыңнан астам грант басым бағыттар бойынша тағайындалады», - деді Жақыпова журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қосымша гранттар техникалық, педагогикалық және жаратылыстану мамандықтары бойынша беріледі.

«Сонымен, биылғы конкурсқа бөлінген 53 785 грант бар. Оған қоса, Президент тапсырмасы бойынша берілетін 5 мың грант бар. Жергілікті атқарушы органдардың есебінен жыл сайын кемінде үш мың грант беріледі. Сондықтан конкурсқа қатысқан 64 452 талапкердің басым бөлігі грантпен қамтылады», - деп атап өтті Жақыпова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир