|
01.08.2019 | 16:37
3761

«Құдашам...»: Ермахан Ыбырайымов ел-жұртқа тоқалын көрсетті

Боксшының екінші әйелінің спортқа еш қатысы жоқ

«Құдашам...»: Ермахан Ыбырайымов ел-жұртқа тоқалын көрсетті

Халықаралық спорт шебері, танымал боксшы Ермахан Ыбырайымовтың екі әйелінен 10 баласы бар, деп хабарлайды Zakon.kz "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап.

Өз сұхбатында 8 ұл, 2 қыздың әкесі бүгінде Алматыда екінші әйелімен тұрып жатқанын ашып айтты.

«Мен өзім 10 балалы отбасыдан шыққанмын. Үйде 8-баламын. Сондықтан менде де 10 бала болса деп армандадым. Қазір үлкен ұлым Америкада оқиды. Шетелдің аты шетел. Қасында біреудің жүргені жақсы ғой. Сондықтан анасы баласының қасына баруды ниет етті. Содан үлкен жеңгелеріңді сол жаққа жібердік. Қазір өзім Алматыда Айжанмен біргемін», - дейді Ермахан Ыбырайымов.

Өз сұқбатында боксшы екінші әйелімен қалай танысқанын да айтып берді.

«Құдаша болып келеді ол кісі. Тойларда кездестік. Кейін әңгімелесе келе, отбасын құрып кеттік», - дейді ол.

Хабар барысында боксшының екінші жұбайы Айжан Ыбырайымов да сұқбат берді.

«Өмірде қарапайым ардақты әке, асыл жар. Асабалық қасиеті бар. Кейбір кішігірім кештерді, шағын басқосуларды дөңгелетіп жібереді. Көбіне іссапармен жүреді. Ашуланғанда үндемей қоя саламын. Сабасына түсті-ау дегенге шай ішіп, бәрін рет-ретіне келтіріп аламыз. Телефонды дер кезінде көтермесең, қатты ренжиді. Ауылда өскендіктен даланың жұмысына икемі күшті. Шалғымен шөпті орғанын көргенде қатты таң қалдым. Шәй ішкенді қатты жақсы көреді. Дойбы, шахмат, нарды  бәрін өте керемет ойнайды. Кез келген жұмысқа тиянақты қарап, соңына дейін тыңғылықты атқарады. Асығыс-үсігіс деген жоқ. Олимпиада чемпионын даярласам деген арманы бар. Одан соң зейнетке шыққанда ауылға кетіп, мал баққысы келеді. Жақсылық Үшкемпіров деген ағамыз бар ғой, өзінің жеке қожалығы бар. Соның жолын берсе екен деп армандайды», - дейді боксшының кіші жары.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир