"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

28.12.2022 21:53

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған

sputnik.kz

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

178 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Республикалық комиссия шешімімен биылғы жылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат "Тағылымдама" бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

"Болашақ" стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымдамадан өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және басқа да елдердің жоғары оқу орындарында білім алады.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі.

2022 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.