ҚР Бас санитар дәрігердің міндетін атқарушының «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және водомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін», – деп жазылған қаулы мәтінінде.
Дегенмен, оқтыудың форматы өзгергенімен, білім ұйымдарының өзінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталу керектігі ескертілген.
«Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
«Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысының 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп саналсын», – деп жазылған құжатта.
Құжат мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.