|
06.04.2023 | 16:36
837

Алматыда Smart Space ғарыш технологиялары бойынша Халықаралық конференция өтті

Іс-шараға қалалық білім басқармасы мен Аэроғарыш комитетінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» қызметкерлері қатысты

Алматыда Smart Space ғарыш технологиялары бойынша Халықаралық конференция өтті Алматы телеарнасы

Биыл Ұлттық аэроғарыш агенттігінің құрылғанына – 30 жыл, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Осыған орай Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Қазақстан Smart Space» ғарыш технологиялары мен техникасы бойынша ІІ халықаралық байқау және Халықаралық конференция өтті. Іс-шараға қалалық білім басқармасы мен Аэроғарыш комитетінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» қызметкерлері қатысты. Олар ғарыш өнеркәсібінің мәселелері мен болашағы жайында сөз қозғады.

«Байқауға мектеп оқушылары мен студенттер қатысып жатыр. 7 жастан бастап 22 жасқа дейінгі жастар бақ сынайды. 59 оқу орнынан 99 жоба финалға өтті. Осы кезеңге дейін өткен жобалар төмен деңгейде болды деп ойламаймын. Мен де әділқазы алқасының мүшесі ретінде әріптестеріммен бірге жұмыстарды бағалаймын», – деді «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Марат Нұрғожин.

Байқауға тек еліміздің емес, көршілес Ресей, Өзбекстан мемлекетінің өнертапқыштары да жоба ұсынған.  Қатысушылар макет, зерттеу жобасы, бәсекеге қабілетті роботтар, бейнежазба сынды номинациялар бойынша финалға өткен. Іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушылары мен студенттерді ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулып, тәжірибелік қызметке үйрету. Ертең сайыс нәтижесі белгілі болып, марапаттау рәсімі өтеді.

«Біз бұл байқауға Ресей Федерациясының атынан, Омбы қаласынан келдік. Қатысуымыздың себебі – осы салада тәжірибе жинау. Біз ұсынып отырған жоба планеталарды, түрлі аспан денелерін зерттейді. Оның ерекшілігі – көлемінде. Өте ықшамды құрылғы жасадық. Жүлделі боламыз деген ниетіміз бар», – деді байқауға қатысушы Егор Колодин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир