Бүгін Алматыда Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті бірлесіп «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл шара ғылым күніне орай ұйымдастырылған. Конференцияда өткен жылы Қазақстанда және көрші мемлекеттерде жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Жиынға еліміздің жетекші ғалымдары мен АҚШ, Әзірбайжан, Бельгия, Италия, Ресей мамандары қашықтан қатысты. Айта кетейік, мұндай шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.
«Өткізілген конференцияның жыл сайын жинағы шығады. Бұрын бір томға сиятын болса, соңғы жылдары 3 томға жетті. Біздің төл тарихымызға деген қызығушылықтың артуы деп білеміз. Мемлекет зерттеу ісіне қаржыны арттыруы да себеп болып отыр», – деді Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бөлім жектекшісі Ералы Ақымбек.