Асхат Аймағамбетов ата-аналарды жаңа оқу жылындағы жаңалықтармен таныстырды
Елімізде биыл тамыз конференциясына ана-аналар қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елордадағы басқосуға әр өңірден арнайы шақыртылған 800-ден аса адам қатысты. Олар алдымен отбасы мен бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Бала құқығы, білімі мен денсаулығы, қауіпсіздігіне қатысты ой пікірлерін ортаға салды. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналарды жаңа оқу жылындағы жаңалықтармен таныстырды.
«Ең басты мәселе біз ата-аналарды бүгінгі таңда осы жұмысты бірігіп жасауға шақырсақ деген ой. Өйткені, балалардың келешегі отбасынан басталатыны белгілі. Сол себепті мына ата-ана балаларға көбірек көңіл бөлсе, отбасылық іс-шара ұйымдастырсақ », – деді «Сенімен болашақ» РҚБ төрағасының орынбасары Зәуре Садықова.