Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жаңа 2022-2023 оқу жылына дайындық пен балабақшалардың жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, бүгінде Алматы аумағында 866 балабақша жұмыс істейді, оның 193-і мемлекеттік балабақша.
«Біз балабақшаларға кезекті төмендету бойынша шаралар кешенін қабылдап жатырмыз. Мысалы, бірінші жартыжылдықта Алматыда 3316 орынды 54 жаңа жекеменшік балабақша ашылды. Жыл соңына дейін тағы 2 мыңнан астам орындық 15 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашу және 280 орынды мемлекеттік балабақшаны іске қосу жоспарланған», - деді Л. Жылқыбаева.
Сонымен қатар, биылғы жылы жеке меншік балабақшаларда 5227 орынды мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізілді. Барлығы 35 698 орынды мемлекеттік тапсырыс 573 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады.
Брифинг тақырыбын жалғастыра отырып, білім басқармасының басшысы журналистерге орта білім беру саласы 300 мыңнан астам оқушы оқитын 298 мектепті қамтитынын айтты. Балабақшалардағыдай мектептерде де орын тапшылығы байқалады, бүгінде 19 мыңнан астам орын жетпейді.
2021-2022 оқу жылының басында мектептерде тапшылық 33 мыңнан астам орынды құрады. Орын тапшылығын кезең-кезеңмен төмендету мақсатында орта білім берудің 33 объектісі іске қосылды, олардың есебінен 15 719 жаңа оқушы орны құрылды. Оның ішінде 5 100 орынға арналған 3 мектеп (Қалқаман, Саялы, Томирис шағын аудандары); 7 963 орындық мектептерге 17 қосымша құрылыс (№№ 6, 34, 38, 43, 57, 60, 102, 117, 121, 132, 133, 144, 166, 170, 177, 186, 199). Жеке инвестициялар есебінен 2 656 орындық 13 жекеменшік мектеп ашылды.
2022 жылдың соңына дейін 13 820 орындық 18 орта білім беру нысанын іске қосу жоспарлануда. Олар Қалқаман-2, Қайрат, Дархан, Мәдениет, Нұркент шағынаудандарындағы 7 500 орындық 5 мектеп - №48, 191, 125, 146 мектептер, №9 МИ кеңейтіліп, соның есебінен қосымша 1270 орын пайда болады. Олар жеке инвестиция есебінен Бостандық және Наурызбай аудандарынан 1800 орынды екі ғимарат сатып алып, 3250 орындық 6 мектеп ашпақ.
Ләззат Жылқыбаева Алматыда қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидалары әзірленгенін, оның аясында көп қабатты тұрғын үй кешендерін салу кезінде халықтың болжамды тығыздығын ескере отырып, мектептердің қадамдық қолжетімділікте міндетті түрде болуы талап етілетінін еске салды.
«Бұл шаралар қала әкімдігіне құрылысшылармен 11 мектеп және 13 055 оқушы орнына арналған мектептерге 5 қосымша құрылыс салуға меморандум жасасуға мүмкіндік берді», - деп қорытындылады ӨКҚ спикері.