|
25.08.2023 | 16:43
2206

Алматыда жаңа оқу жылында 133 мың оқушыны тегін тамақпен қамту жоспарлануда

Осы мақсатта мектеп тағамдарының жаңа моделін пилоттау жобасын әзірлеуде

Алматыда жаңа оқу жылында 133 мың оқушыны тегін тамақпен қамту жоспарлануда әкімдіктің баспасөз қызметі / пресс-служба акимата

Алматыда бастауыш сынып балаларын тегін тамақпен қамтамасыз ету жалғастырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкім Ерболат Досаевтың айтуынша, 2022 жылы Алматы қаласы мегаполис мектептерінде бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін ыстық тамақты ұйымдастыру қаншалықты маңызды екенін көрсетті.  

"Биыл осы мақсаттарға жергілікті бюджетте 20,4 млрд теңге сомасында қаражат көзделген, тегін тамақтануды болжамды қамту 133 мыңнан астам білім алушыны құрайды", - деді қала басшысы.

Сондай-ақ оның айтуынша, биыл Алматы әкімдігі Қазақ тамақтану академиясымен және Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп "Оқушылардың денсаулығын басқару" мектеп тағамдарының жаңа моделін пилоттау жобасын әзірлеуде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир