|
13.11.2021 | 16:44
1227

Еліміз бойынша мектептерде қанша мұғалім жетіспейді

Еліміз бойынша мектептерде қанша мұғалім жетіспейді inform.kz

Республика бойынша педагогтерге қажеттілік 3733 адамды құрады. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Республика бойынша педагогтарға қажеттілік 3733 адамды құрайды, оның ішінде қалалық жерлерде – 1863 (49,9%), ауылдық жерлерде –1870 (50,1 %). Педагогикалық кадрларға қажеттілікті өтеу, сондай-ақ педагогикалық білім берудің тартымдылығын арттыру шараларының бірі – педагогикалық бағытта оқитын студенттердің стипендиясын арттыру», – делінген Үкімет басшысының сауалға берген жауабында. 

2020 жылдан бастап студенттердің стипендиясы 20 948 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, ал педагогикалық бағытқа 42 мың теңгеге дейін, 2021 жылы 26 186 теңгеден 31423 теңгеге дейін, педагогикалық салаға 50 400 теңгеге дейін артты. 

Айта кетейік, биыл қазан айында сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің депутаттық сауалында ауыл жастарының жоғары білімге қол жеткізу проблемасын айтты. Онда ауылды жерлерде педагогтардың тапшылығы мәселесі де көтерілді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир