Петропавл мектептерінің бірінде мұғалім оқушыларға дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған, деп хаьарлайды Almaty.tv.
Ер адам Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының ағылшын тілі пәнінің ұстазы. Ол бейнебақылау камералары жоқ сыныптарда жиын өткізіп, оқушыларға дәріс оқыған. 28 жастағы ер адам ең белсенді және озат оқушыларды өз қатарына тартқан көрінеді.
– Бұл жағдай маусымның ортасында болды. Содан кейін тексеру жұмысы жүргізілді. Айыппұл салынды. Біз этикалық комиссия құрып, мұғалім мектепте жұмыс істейтінін не істемейтінін әрі қарай қарастырамыз, – деді Ә. Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты директорының міндетін атқарушы Әлібек Байжаханов.
Миссионерлік қызметтің жүзеге асырылу фактісін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері анықтаған. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді.
– Аталған факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 3-бөлігі «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды, – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.
Оұи отырыңыз: Наурыз хикаясы: жамбылдық жас дарындар мультфильм жасап жатыр