|
18.04.2024 | 16:47
200

ОСК төрағасы студенттермен кездесті

Нұрлан Әбдіров конституциялық реформаға сәйкес, сайлау заңнамасындағы жаңа тәртіпке тоқталды

ОСК төрағасы студенттермен кездесті Almaty.tv

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көшбасшылық дәріс «Қазақстанның сайлау жүйесін дамытудың өзекті трендтері» тақырыбында ұйымдастырылған. Төраға комиссия жұмысы мен конституциялық реформаға сәйкес, сайлау заңнамасындағы жаңа тәртіптерге тоқталды. Сондай-ақ ол былтырғы 30 жылдық мерейтой аясында Орталық сайлау комиссиясы жанындағы сараптамалық кеңес өкілдеріне алғыс хат табыстады.

– Бүгінде ел азаматтарының сайлау құқығының сақталуын қамтамасыз ететін толыққанды заңнамалық база құрылды. Осы жылдар ішінде елде 39 ірі саяси науқан өткізілді. Бірқалыпты жұмыс істейтін «экожүйесі» бар институт қолданыстағы заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге қатаң бағына отырып, азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруына жағдай жасайды, – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оқи отырыңыз: 50-ден аса басшы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген - Антикор

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир