Алматыда әзірге балабақшалар ашылмайды

14.05.2020 21:57

Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңесте Алматы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты

Pavlodarnews.kz

Алматыда әзірге балабақшалар ашылмайды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңесте Алматы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалада коронавирустың күнделікті өсімі 2 пайызға төмендеген жоқ. Сондықтан, балабақшаларды ашуға асықпаймыз», – деді қалалық кеңестің онлайн отырысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.