Биыл Алматыда студенттерге арналған 1696 орындық 3 жатақхана қолданысқа берілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қаржы орталығының» өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Онда жатақхана салу ісінің тиімді инвестиция екені айтылып, жеке кәсіпкерлердің белсенді қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырыс механизмі әзірленгенін хабарлады. Айта кетсек, қазір ел бойынша жатақханаға мұқтаж 84 мыңнан астам студент бар. Ал оның шамамен жартысына жуығы Алматы қаласында. «Қаржы орталығының» өкілі Айнұр Сағындықова бұл мәселені шешу үшін жеке кәсіпкерлерге алдағы 8 жылға мемлекеттік тапсырысты орналастырудың орнына студенттер жатақханаларын салу ұсынылып жатқанын айтты.
«Мемлекеттен төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни, 8 жылдан соң объект жеке кәсіпкердің меншігінде қалады. Бұл – жекеменшік жатақхана, мемлекеттің балансына өтпейді. Инвесторға қойылатын жалғыз ғана бір шарт – 20 объектінің нысаналы мақсатын өзгертпеу ауыртпашылық тіркейді. Яғни, жеке кәсіпкер 20 жыл бойы жатақхананың нысаналы мақсатын өзгерте алмайды», – деді «Қаржы орталығы» ақ ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Айнұр Сағындықова.