|
19.01.2024 | 16:59
365

Мектеп оқулығында Қайрат Нұртастың аты аталған тапсырма бар ма

Бұл жайтқа қатысты министрлік өкілдері жауап берді

Мектеп оқулығында Қайрат Нұртастың аты аталған тапсырма бар ма instagram.com/kair_n

Әлеуметтік желіде мектеп оқулықтарында Қайрат Нұртас туралы тапсырманың жүргені туралы ақпарат тарады. Бұл жайтқа қатысты министрлік өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлік өкілі берген ақпаратқа сілтеме жасаған агенттік мәліметінше, оқулықтарда Қайрат Нұртас туралы ақпарат жоқ.

- Олжас Беркімбай деген кісі өзінің әлеуметтік парақшасында "Қайрат Нұртас мектеп оқулықтарында жүр" деп жариялаған. Қазір ол ақпаратты Олжас Беркімбай алып тастады. Негізі бұл ақпарат – мұғалімнің жеке өзі құрастырған тапсырма, - дейді министрлік өкілдері. Желі қолданушысы танымал әншінің аты математика пәнінде жүргенін жазған.

- Суретте көрсетілген "Құрылымы күрделі теңдеулер" тақырыбы бойынша берілген тапсырма – мұғалімнің қалыпты бағалауға әзірлеген жеке тапсырмасы. Ал қолданыстағы 3-сыныптың математика оқулығында Қайрат Нұртас туралы тапсырма жоқ, - деп хабарлады ведомстводан. 

Ведомство өкілдері мектеп оқулықтары бірнеше сараптамадан өтетінін айтқан. Сол себепті әншілерге қатысты тапсырманың болуы мүмкін емес, әрі болмайды да деді.

Оқи отырыңыз: Түрксіб ауданында 6100 орындық төрт мектеп салынады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир