Атырау облысында мектептер мен колледждерде сабақ онлайн форматқа көшіріледі. Балабақшалардағы жұмыс та осындай режимге көшеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Атырау облысының білім бері басқармасына сілтеме жасап.
Атырау облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы орта білім беретін 204 мектеп, 24 колледж, 334 балабақша бар.
- Мектептердің 204-і мемлекеттік, ал, 20-сы жекеменшіктің иелігімен ашылған. Төтенше жағдай жариялануына байланысты 8 сәуірден бастап барлық білім беру мекемесі онлайн режимге көшеді. Өңірдегі колледждерде де сабақ онлайн форматта өтеді. Ал, балабақшалар қашықтан жұмыс істейді, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында төтенше жағдай жарияланған еді.
- Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсы. Оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын, - делінген облыс әкімінің шешімінде.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды