Прокуратура актісімен елорда мұғалімдеріне 127 млн теңге төленді

24.05.2019 22:07

Прокуратура актісі бойынша елорда мұғалімдеріне 127 млн теңге төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мектепте қызмет етіп жүрген 7 мыңға жуық мұғалімге 127 млн теңге төленді. Талдау жұмыстары аясында соңғы екі жылда елордадағы мұғалімдер ерекше білім беру қажеттігі бар балалармен жұмысы үшін еңбекақыдан 40 пайыз көлемінде қосымша ақыны алмағаны анықталды», - делінген қалалық прокуратура мәліметінде.

Осы орайда прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде, аталған мәселе бойынша оңтайлы шешім жасалды.