Оған еліміздің 29 университетінен 190 студент қатысты
Елдегі жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында Сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша сұрақ-жауаптың бірінші кезеңі басталды. Мақсат – жастардың сайлау туралы сауатын арттыру. Бүгін басталған интерактивті сұрақ-жауапқа елдің әр аумағында орналасқан 29 университеттен 190 студент бір сәтте қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жастардың электораттық құқықтық сауаттылғын арттыруға бағытталған викторинада барлығы 40 сұрақ берілген. 190 студенттің ішінен ең жоғары балл жинаған он адам іріктеліп алынады. Жеңімпаз биыл 15 қыркүйекте Халықаралық демократия күніне орай Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ұйымдастырылатын студенттердің ғылыми пікірталасына қатысады.
«ҚР орталық сайлау комиссиясы өзінің 25 жылдық тарихында халықаралық викторинаны алғаш рет ұйымдастырып отыр. Бұл викторинаға қазақстандық студенттерден басқа Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова және Ресейдің де студенттері де қатысуда. Осы іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі – ТМД Парламент аралық Ассамблеясының Кеңесі және Демократияны дамыту мониторингінің халықаралық институты», – деді ҚР ОСК электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Махаббат БӨЛЕЕВА.
.