Алматыда «Түрксіб аруы – 2022» атты байқау өтті
Almaty.tv
Сайыста 14 пен 16 жас аралығындағы оқушы қыздар қатысып, өнер көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда балалар жылына орай «Түрксіб аруы – 2022» байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Іс-шараға 14 пен 16 жас аралығындағы оқушы қыздар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. 5 кезеңнен тұратын конкурстың басты мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы келе жатқан мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу. Шара соңында байқау жеңімпаздары анықталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.
«Негізгі бүгінгі байқауды өткізу мақсатымыз – ұлттық құндылықты дәріптеу. Қыз тәрбиесіне мән беріп, болашаққа бағыт беру. Бүгінгі іс-шара балалар жылына арнайы ұйымдастырылды», – деді №6 оқушылар үйінің әдістемелік бөлім меңгерушісі Шекер Сыздықбаева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
15.11.2026 15:54
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46