|
19.09.2022 | 17:24
584

Елімізде 100-ден аса мектепке айыппұл салынды

Мамандар 276 мектепті тексерген

Елімізде 100-ден аса мектепке айыппұл салынды ult.kz

Қостанай облысында әрбір екінші мектепте санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан мәліметке сәйкес, мамандар 276 мектепті тексеріп шыққан. Сола кезде әрбір екінші нысанда, жалпы, 179 мектепте санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп бұзушылық анықталды.

"Санитарлық талаптарды бұзу бойынша 23,5 миллион теңгеден астам сомаға 200 айыппұл салынды, сот органдарына 9 материал жолданды, соның ішінде 9 шешім қабылданды. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманы бұзу бойынша 169 ұйғарым берілді. Медициналық қарап-тексеруден өту үшін 41 адам уақытша жұмыстан шеттетілді", - дейді мамандар.

Осы орайда барлық мектепке ортақ эпидемиологиялық мәселелердің бірі – тамақтануды ұйымдастыру. Оны көп жағдайда шағын және микро бизнес өкілдері ұйымдастырады. Ал қолданыстағы мораторийге байланысты жоспарлы тәртіппен тексеріс жүргізуге тыйым салынған. Осыған байланысты санитариялық қағидаларды сақтау жауапкершілігі кәсіпкерлердің өздеріне, сондай-ақ мектеп әкімшілігіне және бракераж комиссияларына жүктеліп жатады.

Дерекөз: sputnik.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир