|
19.09.2022 | 17:35
579

Жылыту маусымы: Алматыда мамандар әлеуметтік осал топтағы отбасына барып, мұржасын тазалап берді

Түрксіб ауданында 51 үй пеш жағады

Жылыту маусымы: Алматыда мамандар әлеуметтік осал топтағы отбасына барып, мұржасын тазалап берді Almaty.tv

Алматыда 1205 үй пеш жағады. 51 үй Түрксіб ауданында. Жылыту маусымы жақындағанда қауіптің алдын алу үшін бүгін төтенше жағдайлар басқармасының мамандары әлеуметтік осал топтағы отбасына барып, мұржасын тексеріп, тазалап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

1 айлық акция аясында жадынама таратылады. Онда өрт қауіпсіздігін алдын-алу туралы жазылған. Одан бөлек үйдің ішінде ыс шықса дабыл қағатын құрылғылардың жұмысы да тексеріледі.

«От жағам өзім. Газ қоятын ақша да жоқ, пәтерде тұрамыз. Естіп жатырмыз қаншама халық. Құдай сақтасын, балаларым аман болсын», – деді қала тұрғыны Рахметжан Мансұров.

«Тұрғындар мен қала қонақтарын қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға шақырамыз. Отпен ойнауға, салғырт қарауға болмайды. Жылу маусымы басталғанда әр үй иесі аса сақ болғаны жөн», – деді Түрксіб ауданы ТЖБ бас маманы Ануар Калимолданов.

Былтыр Түрксіб ауданының өзінде 31 өрт жағдайы тіркелген. Пеш жұмысының бұзылуына қатысты 8 оқиға орын алды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир