|
14.04.2022 | 17:27
3971

«Болашақ» бағдарламасына әлемнің үздік 23 техникалық университеті кірді

«Болашақ» бағдарламасына әлемнің үздік 23 техникалық университеті кірді  Фото: ашық дереккөзден

23 жетекші техникалық университет «Болашақ» бағдарламасы жоғары оқу орындарының тізіміне кірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биыл «Болашақ» бағдарламасы гранттарының 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінді. 

Осыған орай «Болашақ» бағдарламасымен оқуға болатын жоғары оқу орындарының тізімі әлемнің 23 жетекші техникалық университетімен толықты. Олардың қатарында Эйндховен техникалық университеті, Гамбург университеті, Лестер университеті, Поханг ғылым және технология университеті, Дрезден техникалық университеті және т.б. Біз жыл сайын университеттердің географиясын кеңейтіп отырамыз. Өткен жылы тізім Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка университеттерімен толықты. Жалпы тізімге QS World University Rankings, World University Rankings, Academic Rankings of World University Rankings халықаралық академиялық рейтингтерінің 250 үздік университеттері мен БРҮҚОА елдері ұлттық рейтингтерінің 20 үздік университеттері қатарындағы 27 елдің 236 университеті кіреді. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир