Қазақстанда келер жылы Нобель орталығы ашылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Ол Оңтүстік Қазақстан университеті базасында қолданысқа берілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда келер жылы Нобель орталығы ашылады. Ол Оңтүстік Қазақстан университеті базасында қолданысқа берілмек. Бұл туралы бүгін елордада өткен Нобель фест шарасында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа оқу нысаны климатты зерттеуге бағытталған. Ұйымдастырушылардың ақпарынша, орталық еліміздің барлық жоғары оқу орындарымен әріптестік негізде бірлесе жұмыс атқармақ. Жалпы үш күндік шараға 155 мемлекеттен 500 мыңнан астам адам қатысты. Студент жастар Нобель сыйлығының иелерімен кездесіп, цифрландыру, адамзат келешегі, қаржы дағдарысы бойынша құнды ақпарлар алды.

«Нобель фестиваліне қатысу үшін арнайы келдім. Шара осымен  5-рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін онлайн форматта ғана өтіп келген. Биыл үш күн бойы үлкен алаңда кездесіп, ғылымның түрлі саласына қатысты өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алдық. Мені шақырғандарына қуаныштымын. Тәжірибемізді ортаға салдық, білгенімізбен бөлістік», – деді Nobel Fest қатысушысы Мартин Везовски.

Новости партнеров