Оқушылардың жазғы демалыс уақыты қысқара ма - министрлік жауап берді

Sputnik / Владислав Воднев
Sputnik / Владислав Воднев
Әлеуметтік желілерде Қазақстанда оқу жылы 2023 жылдың 20 тамызында басталады деген ақпарат тараған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

12 желтоқсанда Оқу-ағарту министрлігі мектептегі демалысты қысқарту туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Stopfake.kz сайтының жазуынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жаңа нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасай отырып, Қазақстанда оқу жылы 2023 жылдың 20 тамызында басталады деген ақпарат тараған.

Бұл қауесетті Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жоққа шығарды.

"Мемлекеттік мектептерде каникул күндері, сонымен қатар оқу жылының басталуы мен аяқталуы өзгермейді. Каникул мерзімі бұрынғысынша сақталады, яғни оқу күндерінің саны көбеймейді, демалыс уақыты қысқармайды. Қазақстандық оқушылар барлығы 175 күн оқиды. Каникул мен демалыс күндерінің жалпы саны 190 күн болады", - делінген хабарламада.

Министрлік талқыланып жатқан құжат жобасы халықаралық және пилоттық мектептерге қамқоршылық кеңестердің келісімімен оқу жылының жалпы шарттарын реттеу құқығын беретінін түсіндірді.

Новости партнеров