Гарвард бизнес мектебінің магистранттарына еліміздің инвестициялық әлеуеті таныстырылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv
Қазақстан болашаққа ұмтылысы бар ел деп бағаланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Гарвард бизнес мектебінің 16 магистрантына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды, олар бизнес-ахуалды зерттеу мақсатында осы күндері елімізге арнайы келді. Бұл сапар Қазақстандағы Гарвард университеті түлектерінің қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Harvard Kazakhstan Society президенті Ернар Жәркешов Гарвард университетінің өкілдері Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына, мұндағы жағдайға, түрлі инвестицияларды тартуға қолайлы елдің табиғи мүмкіндіктеріне және жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларға таңданғанын атап өтті.

- Гарвард университетінің бұл магистранттары Google-ден Bank of America-ға дейінгі ірі әлемдік компанияларда қызмет атқарады. Олар Қазақстан сияқты дамушы және прогрессивті елдерге қызығушылық танытады және әртүрлі инвестициялық мүмкіндіктерді талқылауға дайын, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Ернар Жәркешов Harvard Kazakhstan Society мақсаты Гарвард университетінде оқыған қазақстандықтардың білімін жүйелеу, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсу мақсатында жастарды қолдау және ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу үшін сараптамасын біріктіру болып табылатынын жеткізді.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарда Гарвард университетінің бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 78 қазақстандық білім алып, 100-ден астам қазақстандық Гарвардтың әртүрлі жоғары мектептерінде біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыды.

Шетелдік студенттердің бірі – Диого Паррейра МВА бағдарламасының тыңдаушылары ретінде өздері үшін ойлау көкжиегін кеңейту және әлемге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік алу маңызды екенін атап өтті.

- Қазақстанға келу мен үшін үлкен бақыт. Бүгін әртүрлі тақырыпта талқылаулар өтті. Ең алдымен, Қазақстанның халықаралық деңгейге қалай шығатынын, цифрлық реформаларды қалай жүзеге асыратынын және климаттық саясатты қалай жүргізетінін білу қызықты болды. Мұның бәрі экономиканы жаңа жаһандық деңгейге көтеру үшін маңызды екені сөзсіз, - деді ол.

- Бұл сапар өте мазмұнды өтіп жатыр. Қазақстандағы Гарвард түлектерінің қауымдастығымен байланысты кеңейтіп жатқанымызға қуаныштымыз. Біз осы елге және Орталық Азияның басқа мемлекеттеріне тікелей шетелдік инвестициялардың қалай тартылатыны туралы білгіміз келді. Бұл жаһандық даму болашағы тұрғысынан, нарықтарды құру, ресурстардың болашағы, табиғи ғана емес, адами капитал тұрғысынан өте перспективалы жағдайлар. Осында келгеніме өте қуаныштымын. Қазақстан – болашаққа үлкен ұмтылысы бар ел, - деп атап өтті Айшвариа Нараян.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты


Новости партнеров