ҰБТ-ға қатысу өтініштері онлайн қабылданып жатыр

09.05.2020 в 22:54

Бүгінге дейін 125 мыңнан астам талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірді

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер10 мамырға дейінent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады. Интернет жылдамдығы төмен немесе мүлдем жоқ жерлерде тұратын оқушылармен орталық мамандары тікелей байланысып, тіркеу үшін көмектесіп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері беретінін айта кеткен жөн.

Қазіргі күні 125 000-нан астам талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірді.

«Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді. Cондай-ақ, info@testcenter.kz қолдау қызметі жəне ҰТО-ның əлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хат жолдауға болады», - делінген хабарламада.