Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде Мемлекет басшысының мектептердің үдемелі құрылысы туралы тапсырмасын орындау барысы қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде Алматыда 12 600 оқушыға арналған 8 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Алатау ауданында 5 мектеп салынып жатыр, оның ішінде Саялы шағын ауданында – 1 800 орынды, Дархан шағын ауданында – 1 500 орынды, Мәдениет шағын ауданында – 1 500 орынды, Томирис шағын ауданында – 1 500 орынды, Нұркент шағын ауданында – 1 500 орынды. Наурызбай ауданының Қалқаман шағын ауданында – 1 500 орынды, Қалқаман-2 шағын ауданында – 1 800 орынды. Түрксіб ауданының Қайрат шағын ауданында 1 500 орынды.
Қалқаман-2, Томирис және Саялы шағын аудандарындағы үш мектепті осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ №№81, 40, 45, 54 төрт мектептерді сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар 18 жаңа корпустың құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 9 мектеп жанындағы жаңа корпустардың құрылысы аяқталды. №166 мектеп жанындағы 125 орын, №60 - 600 орын, 6 - 900 орын, 121 - 450 орын, 133 - 450 орын, 144 - 300 орын, 170 - 300 орын, 199 - 425 орын, 38 - 600 орын.
№57, 102, 132, 117, 186 мектептерге арналған тағы 5 корпусты қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда. №34, 177, 191, 43 мектептерінің қалған 4-і осы жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.
Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша даму жоспарын әзірлеу кезінде «алдымен мектеп, содан кейін үй» қағидасын ұстану қажет. Басты мақсат – қолданыстағы мектептерді шамадан тыс жүктемеу және жаңа шаршы метр тұрғын үйлермен бірге білім беру нысандарын тапсыру.