Еліміздегі сейсмология институтына қаржы бөлінеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Институт қызметкерлері шетелдік мамандармен бірлесе қарқынды жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі сейсмология институтына шамамен 5 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, қазір шамамен 4-5 миллиард теңге алдын ала кепілге қойылған. Ведомство басшысының айтуынша, бөлінетін қаражаттың нақты көлемі енді ғылыми-техникалық комиссия отырысынан кейін нақтыланады. Ал институт қызметкерлері шетелдік мамандармен бірлесе қарқынды жұмыс істеп, тәжірибе алмасу жалғасып жатқанын айтты.

– Соңғы жылдары жапондық мамандардың көмектесуімен кейбір аппаратураларды әкеліп, сынақтан өткіздік. Нәтижесінде олардыболжау полигонында қолдануға бейімбіз, – деді ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков.

Оқи отырыңыз: Жер сілкінісі: медициналық көмекке жүгінгендер саны артты

Новости партнеров