|
04.06.2022 | 18:04
928

Асхат Аймағамбетов «Ғылым және білім» саласының патриотын марапаттады

«Ғылым және білім» саласы бойынша «Жыл патриоты» Асхат Жұмабековқа бұйырды

Асхат Аймағамбетов «Ғылым және білім» саласының патриотын марапаттады Артём Чурсинов

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған республикалық патриоттар форумында «Ғылым және білім» саласының патриоттары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Ғылым және білім» саласы бойынша «Жыл патриоты» Асхат Жұмабековты марапаттады.

Асхат Жұмабеков білім беру зерттеулерінің Еуропалық Ассоциациясының еуропалық байқауының жеңімпазы.

Сонымен қатар физик, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тректік мембраналық технологияларды дамыту жөніндегі инженерлік бейіндегі зертхананың жетекшісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Максим Здоровец те «Жыл патриоты» атанды.

Бұған дейін коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның авторы Күнсұлу Закария да марапат алған болатын.

Одан бөлек, патриоттар форумында сегізінші қабаттан үш жасар қызды өз өмірін қатерге тігіп баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаев та марапатталды. Сондай-ақ «Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» бағыты бойынша Ұлан Мырзабай «Жыл патриоты» атанды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир