Жетекші компаниялармен серіктестік орнатқан
Техникалық білім беру - дамыған елдердегі стартегиялық қадамның негізгі бағыты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
85 жылдық тарихы бар «Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі» алдағы уақытта өз жұмысын жаңа форматта, жаңа ғимаратта бастамақ. Озық технологиялардың тілін жетік меңгерген мамандар даярлайтын мекеме жетекші компаниялармен серіктес екендерін айтады. Сонымен қатар жұмыс беруші мен студенттер арасындағы байланысты пікір алмасу форматында жиі өткізеді.
- Профориентациялық жұмыс дейміз. Болашақта осы мамандықты игеремін дейтін мектеп жасындағы балаларды шақырып, соларға да өз мамандықтарымызды таныстырып, бәрін топтастырып осы шараны ұйымдастырып жатқан жайымыз бар, - дейді Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің директоры Ардақ Қожахметова.
Оқи отырыңыз: Оқушылар жазғы демалыста жұмыс істей алады