М. Әшімбаев: Бала адамдық әліппесін ата-анасымен қатар мектептен үйренгені шарт

inform.kz
inform.kz
Сенат Төрағасы «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бала адамдық әліппесін ата-анасымен қатар мектептен үйренгені шарт. Бұл жөнінде Сенат Төрағасы «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ұлттық құндылықтарымызды азаматтарымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың бойына сіңірудің оңтайлы жолын табуымыз қажет. Бұл ретте негізгі салмақ білім беру саласына түсетіні сөзсіз. Білім беру оқу бағдарламасын түсіндірумен ғана шектелмегені жөн. Біздің ұлттық танымда білім әрдайым тәрбиемен қатар жүрген. Сондықтан бала адамдық әліппесін ата-анасымен қатар мектептен үйренгені шарт. Білім мекемелері жанашыр, адал, жауапты, еңбекқор болуды ерте жастан баланың бойына сіңіруге тиіс. Сол себепті оқу бағдарламасына ұлттық құндылықтарды дәріптеу сабақтарын қосып, оны жаңаша жасақтау мәселесін қараған жөн болар еді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, Сенатта өткен парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша арнайы Ұсынымдар дайындалды. Бұл құжат қатысушылардың ұсыныс-пікірлері негізінде тағы да толықтырылып, Үкіметке және тиісті министрліктерге жіберіледі.

Новости партнеров